Жол жөндеу жұмыстары нәтижесінде келтірілген залалдың орны сотпен өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Целиноград ауданының автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімі» ММ-нің «К» ЖШС-нен келтірілген залал үшін қарызды өндіріп алу туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысы барысында тараптар арасында көше-жол жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстарын орындау бойынша шарт жасағаны анықталды.

2015 жылы желтоқсан айында объект пайдалануға берілді, алайда тексеру жұмыстары нәтижесінде сапасыз жасалғаны анықталды, соған байланысты талапкерге 27 млн. теңге көлемінде залал келтірілген.

Сот шешімімен жауапкерден талапкердің пайдасына келтірілген залал сомасы өндірілді.

Шешім заңды күшіне енді.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі