Архив событий

12/05/2017

Сот жауапкерді оқу үшін қарызын төлеуге міндеттеді

12/05/2017

Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ мен аз. Б., арасында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»  бағдарламасы аясында әлеуметтік келісімшарт жасалды. Аталған шартқа сәйкес, азаматша «С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университеті» АҚ-на «есепші» мамандығын игеру бойынша кәсіптік білім алу керек болған.

Алайда, жауапкер кейін оқудан себепсіз қалуына байланысты, оқудан шығарылған.

Жауапкердің оқуына 106 452 теңге көлемінде ақы төленген.

Тараптар медиация тәртібімен татуласты

12/05/2017

2017 жылы 28 ақпанда азамат Ж. №50 автобустың ішінде жәбірленушінің сөмкесін ашып, әмиянды суырып алып, оның ішіндегі екі алтын сақина және 13000 теңге ақшалай қаражатты өзінің күртешесінің ішкі қалтасына салған. Заңсыз тапқан ұрлықы затты өзінің қалауы бойынша пайдаланған.

Сот отырысы барысында сотталушы мен жәбірленуші арасында медиациялық келісім орнап, келтірілген материалдық шығын толық көлемде қайтарылған.

Сот жұмысшының құқығын қорғады

12/05/2017

Ер адам ұзақ жылдар бойы «Т»  кәсіпорнында күзетші қызметінде жұмыс істеген.

Кәсіпорында ер адам әлі де жұмыс жасауда, алайда қазіргі таңда жұмыс беруші оған жалақы бермей, тек зейнетақы қорына төлем жасаған.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 24 бабының 2 тармағына сәйкес, жұмыс беруші жұмыскерге жалақы мен өзге де төлемдерді уақтылы және толық мөлшерде төлеуге міндетті.

Сот инвестициялық шарт бойынша қарыз сомасын өндірді

12/05/2017

Талапкер мен «Коттеджный городок Happy Village» ЖШС арасында инвестициялық шарт жасалынған, оның шарттары бойынша инвестор инвестицияға ақшалай қаражат берген, ал құрылыс салушы соманы қабылдап және оны көп функционалды тұрғын үй кешені құрылысына инвестиция салуға міндеттенген.

Берілетін алаңның құрылысы белгіленген мерзімде аяқталмаған, сол себепті, жауапкер шарт бойынша міндетін орындамаған.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен жауапкерден қарыз сомасы және тұрақсыздық айыбы өндірілді.

Зақымдалған автокөлік үшін материалдық залал

12/05/2017

2016 жылдың 14 қазан айында аз.С.-нің жеке үйінің ауласындағы шаруашылық құрылыста өрт шыққан. Өрт нәтижесінде құрылыс жанында тұрған автокөлік зақымдалған.

Сотта анықталғандай, өрт үй иесінің электроқұралды абайсыз пайдалануы салдарынан туындаған.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен жауапкерден көлік иесінің пайдасына  келтірілген материалдық залал сомасы өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.