Архив событий

18/05/2017

Сот жосықсыз қарыз алушыдан қарыз сомасын өндірді

18/05/2017

2016 жылы 30 тамызда С.-ға жалға беру шарты бойынша А. уақытылы жалға беру сомасын және коммуналдық қызмет үшін төлемін жасауға міндеттеген.

Жауапкер төлем бойынша өз міндеттерін орындамаған, осыған байланысты А. Астана қаласы Алматы аудандық сотына жауапкерден жалға беру шарты бойынша қарыз сомасын өндіру туралы талап арызбен жүгінді.

Пәтерді жалға беру шарты ешкіммен дауласпаған және заңсыз деп танылмаған, заңды күші бар, жауапкер шарт талаптарымен келісетінін куәландырып, ерікті түрде міндеттерді қабылдады.

Астана қалалық сотының судьялары Технология және бизнес Қазақ университетінде дәріс сабағын өткізді

18/05/2017

2017 жылы 18 мамырда Астана қалалық сотының судьялары Технология және бизнес Қазақ университетінінң студентт еріне дәріс сабағын оқыды.

Іс-шараға профессорлық-оқытушылар құрамы, соттарда тәжірибеден өтіп жатқан судьялыққа үміткерлер және студенттер қатысты.

Дәріс барысында судьялар «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іске асырылуы, сонымен бірге ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының қызметі және елордалық соттың заманауи жағдайдағы жұмысы туралы айтты. 

«100 конкретных шагов» - главная реформа в судебной системе

18/05/2017

Бүгін Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының тергеу судьясы А.Сансызбаева «ҚАЗГЗУ гуманитарлық заң колледжі» АҚ-ы студенттеріне «100 нақты қадам – сот жүйесіндегі басты реформа» тақырыбында дәріс оқыды.

Дәріс барысында судья А.Сансызбаева ҚР Президентінің «100 нақты қадам» ұлт жоспары бағдарламасының сот жүйесіне қатысты қадамдары бойынша жасалынған шараларға тоқталып өтті.

Жол-көлік оқиғасы ісі бойынша бітімгершілік келісім бекітілді

18/05/2017

Астана қаласының Алматы аудандық сотында азамат П-ның жауапкер Ч-ға жол көлік оқиғасынан келтірілген зиянды өтеу туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысы барысында тараптар бітімгершілік келісімді бекіту туралы өтініш-хатпен жүгінді.

Бітімгершілік келісім шартына сәйкес, жауапкер жыл бойы 500 000 теңге көлемінде залал сомасын төлеуге міндеттенді.

Сот ұйғарымымен бітімгершілік келісім бекітілді, азаматтық іс бойынша өндіріс қысқартылды.

Сотта азаматтық іс бейнеконференцбайланыс арқылы қаралды

18/05/2017

Астана қаласы Есіл аудандық сотында талап қоюшы аз. Н-ның жауапкерлер аз. М., аз. Ш., үшінші тұлға аз. Б-ға қатысты мәмілені жарамсыз деп тану туралы азаматтық іс қаралды.

Куәгерлер Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында болуына байланысты, сот отырысы бейнеконференцбайланыс жүйесін қолдану арқылы өткізілді.

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық соты сот отырысын онлайн-режимде өткізу үшін аудио-бейнежазба құралдарымен жабдықталған сот залымен қамтамасыз етуге жәрдемдесті.

Астана тұрғыны жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін көршісінің пәтеріне кіруге рұқсат алды

18/05/2017

Астанадағы пәтер иесі тозығы жеткен суық және ыстық су құбырларын жөндеуді шешкен.

Алайда, құбырларды ауыстыру үшін төменгі қабатта орналасқан көршінің пәтеріне кіру қажет болған. Өз кезегінде, пәтер иесі жөндеу жұмыстары қымбат болатындығына сілтеме жасай отырып, пәтерге кіруге үзілді-кесілді қарсылық танытқан.

Сот талқылауы барысында «А» ЖПК-ның өкілі су құбарларының инженерлік жүйелерінің ескіргенін және шыныменде ауыстыруды қажет ететіндігін айтты.

Сот жауапкерді жалға алу қарызын төлеуге міндеттеді

18/05/2017

2015 жылы қосалқы жалдау шарты бойынша жалға беруші «К» ЖШС-і А.ЖК субарендаторына уақытша иелік ету мен қолдану үшін ай сайынғы жалдау бағасымен тұрғын емес жайды береді.

Сотпен  тараптармен қол қойылған өзара есеп айырысу актісіне сәйкес жалдау бағасының толық көлемде төленбегендігі анықталды.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен жауапкерден қарыз сомасы өндіріліп алынды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.