Архив событий

17/05/2017

Елордалық судьялар сақтандыру дауларын қарау бойынша сот тәжірибесін талқылады

17/05/2017

Астана қалалық сотында «Сақтандыру дауларын қарау бойынша сот тәжірибесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына Астана қалалық соттың, аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьялары, прокуратура, Астана қаласы бойынша Әділет деапртаменті, Астана қаласының Нотариалды палатасы, Астана қаласы адвокаттар коллегиясы, Астана қаласы сақтандыру компанияларының филиалының және Астана қаласы «Медиацияны дамыту орталығы»РҚБ өкілдері қатысты.

Сот орындаушыларының әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану барысында медиацияны қолдану

17/05/2017

Астана қаласы Есіл аудандық сотында сот орындаушыларының  әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасау туралы азаматтық істерді қарау барысында медиацияны қолдану мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы мен судьялар, Астана қаласы Әділет департамент, Жеке сот орындаушыларының өңірлік паласы өкілдері мен «Медиацияны дамыту орталығы» ҚБ медиаторы қатысты. 

Іс-шара барысында сот төрағасы Д.Ә. Әбдіғалиев аталған санаттағы азаматтық істер бойынша статистикалық мәліметтерді атап кетті.

Елорда тұрғыны көлік жуудан 135 мың теңгені сотпен өндірді

17/05/2017

Елорда тұрғыны өз машинасын көлік жууға қалдырады.

Автокөлігін алуға келгенде ол, алдыңғы бампері мен қанатының майысқанын байқаған.

Жылжымалы мүлікті бағалау туралы есебіне сәйкес, амортизациялық тозу құнын ескере отырып, қалпына келтіру жөндеу жұмыстары 135 062 теңгені құрады.

Жауапкер жағынан талапкердің уәжін жоққа шығаратын дәлелдел ұсынылмаған.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының  шешімімен талапкердің талап қою арызы қанағаттандырылды.

Медиаторлар үшін Ашық есік күні

17/05/2017

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотында кәсіби медиаторлар үшін «Ашық есік күні» өткізілді.

Жұмыс барысында сот төрағасының м.а. А.Ш.Жамансариева халық арасында қылмыстық іс жүргізу кезінде татуластыру рәсімдерін кеңінен жүргізу қажеттілігін және «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесіне құжаттарды жіберу тәртібін, оның ішінде медиациялық келісімдерді жіберу туралы айтып өтті.

Соттағы медиация

17/05/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында кеңсе меңгерушісі А.Донскоймен «Соттағы медиация» тақырыбында «Тұран» колледжінің студенттері үшін семинар сабағы өткізілді.

А.Донской медиатордың ықпалымен жүргізілетін тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімдеріне түсініктеме берді.

Студенттерді даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы Ережемен таныстырды.

Кезекті жеке кәсіпкер мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды

17/05/2017

 

2016 жылы  «Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі» ММ мен Ж.А.Абденова  ЖК  арасында  А4 қағазы-тауарын  мемлекеттік сатып алу туралы электронды шарт жасалған.

Шартқа сәйкес, жауапкер шартқа қол қойылған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде тауарды қоюға міндеттенген, алайда ЖК шарттық міндеттемелерді орындаудан бас тартқан, соған байланысты ММ Астана қаласының  мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жеке кәсіпкерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арызбен жүгінді.