Жауапкермен келісім-шарт талаптары бұзылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер Комитетінің оқу – әдістемелік орталығы» РМБ мен «ДасОйл» ЖШС-нің арасында шарт жасалып, соған сәйкес тапсырыс беруші тауарды қабылдап, ақы төлеуге, ал жеткізуші жалпы көлемі 2 785 литр болатын  АИ-92 (93) бензин түрінде тауарды жеткізуге міндеттенді.

Жауапкер шарттың және заңнаманың талаптарын бұза отырып, тауарды жарамдылық мерзімінің соңына дейін жеткізбеген.

 Сонымен қатар, жеткізу кезіндегі жасалған актілерге сәйкес бензинді жеткізуде бас тарту фактілері расталған.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен жауапкер мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі