Сот жер телімін босатуды міндеттеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Есіл аудандық сотында Астана қаласы Әкімдігінің аз.К.-ға қатысты бөгденің жер телімін заңсыз иеленуінен қайтаруды талап ету туралы азаматық іс қаралды.

Тексеріс барысында анықталғандай, жауапкер К. заңды құжаттарсыз жер телімін заңсыз иемденіп, павильон орнатқан.

Мемлекет иелігіндегі жерді заңсыз иеленуіне байланысты, қолданыстағы жер заңнамасын бұзғаны үшін жауапкер К. 75 АЕК  көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот шешімімен жауапкер жер теліміндегі құрылысты өзінің есебінен бөлшектеп бұзуға және босатуға міндеттелді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі