Медиация тәртібімен татуласты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2016 жылы 26 маусымда үш жас жігіт Ильинка кентіндегі екі үйге заңсыз кіріп, жасырын түрде өзгеге тиесілі заттар мен ақшалай қаражаттарды жымқырған.

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының қаулысымен тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты екеуі қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, үшіншісіне қатысты іздеу салынды.

Сот талқылауы барысында сотталушылар мен жәбірленушілер арасында медиативті келісім жасалып, соған сәйкес келтірілген материалдық шығын толық көлемде қайтарылған.

Сот қаулысымен сотталушыларға қатысты қылмыстық іс бойынша сот өндірісі қысқартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.         

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі