Жаңалықтар

Қалалық сотта судьяларды құрметті отставкаға шығарып салды

24/04/2024

А.ж. 24 сәуірінде елордалық сотта Астана қалалық сотының судьялары Гүлнәр Әбдіғалиева, Амангелді Қайырбеков, Амандық Қанбаев және Әлихан Қасеновтың құрметті отставкаға шығуларына байланысты салтанатты іс-шара өтті.

Г.Әбдіғалиева, А.Қайырбеков, А.Қанбаев және Ә.Қасенов сот жүйесінде 20 жылдан астам қызмет етті.    

Олар өздерін жұмыс барысында жоғары білікті судьялар, бастамашыл және өз істерінің кәсіби мамандары ретінде көрсете білді.

«Цифрлық активтермен жұмыс істеу дағдылары» тақырыбында оқыту семинары ұйымдастырылды

24/04/2024

Астана қалалық сотында Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп, республиканың барлық судьяларына арналған  «Цифрлық активтермен жұмыс істеу дағдылары» тақырыбында оқыту семинары ұйымдастырылды.

Семинарды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің «КРИПТОН» арнайы бөлімшесінің қызметкерлері өткізіп, экономикалық мәнін, оны пайдалануға байланысты істер бойынша  сот практикасын талдады.

Семинарға қатысушылар спикерге қызықтырған сұрақтарын қойып, толықтай жауап ала алды.

Астана қаласының МАӘС судьяларымен кезекті семинар өтті

23/04/2024

Астана қалалық сотында елордалық әкімшілік соттың судьяларына арналған ӘРПК нормаларын іс жүзінде қолдану бойынша семинар өткізілді.

Семинар барысында сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсарту, сот актілерін түзетудің себептері мен негіздері талқыланды.

Алқа судьясы Мараш Манабаева бірінші сатыдағы судьялардың назарын соттың белсенді рөлі қағидатын іске асыруға және істің мән-жайын жан-жақты зерттеу қажеттілігіне аударды.

Судья Ержан Сиюбаев сот практикасының біркелкілігін сақтау қажеттігін атап өтті.

Судьялар 2024 жылдың I тоқсанындағы жұмыс нәтижелерін талқылады

23/04/2024

Астана қалалық сотында 2024 жылдың үш айындағы Астана қаласының МАӘС жұмысының қорытындыларын талқылау бойынша кеңес өткізілді.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Руслан Мәжитов статистикалық мәліметтерді келтіріп, әкімшілік талап-арыздарды қайтарудың себептері мен негіздеріне тоқталды.

«Life is good» қаржы пирамидасы құрылымдық бөлімшесінің басшысы сотталды

23/04/2024

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарғаны үшін Т.-ға қатысты қылмыстық істі қарады (ҚК 217-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы).

Айыптаудың мәні

Елорданың қалалық сотында алғаш рет аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағаларын сайлау өткізілді

22/04/2024

2023 жылғы наурызда «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап аудандық соттардың төрағаларын сайлау бойынша жаңа механизмді енгізуді көздейтін түзетулер енгізілді.

Бұл механизм аудандық сот төрағасының бос лауазымына кандидаттарды іріктеуді облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырысында сайланған адамдар арасынан Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жүзеге асырады.

Қалалық сотта судьяны төраға лауазымына тағайындалуымен салтанатты түрде құттықтады

19/04/2024

Бүгін Астана қалалық сотында қалалық соттың төрағасы Ақан Жұмағұловтың, сот алқаларының төрағалары мен судьялардың қатысуымен салтанатты іс-шара өтті.

А.Жұмағұлов Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әділхан Шайхисламовты ҚР Президентінің 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 523 Жарлығымен Шымкент қалалық сотының төрағасы лауазымына тағайындалуымен құттықтап, сот төрелігі мен сот жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтіп, адал еңбегі үшін алғысын білдірді.

Судьялар мен бизнес өкілдері әкімшілік істер бойынша сот практикасын талқылады

19/04/2024

Тиімді жұмыс істеп тұрған әкімшілік әділет Қазақстанда бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасауда маңызды рөл атқарады.

ӘРПК бизнес субъектілерінің жария билік органдарымен құқықтық қатынастарын сотқа дейінгі және сот тәртібімен реттейді.

Бұған дейін Астана қалалық соты мен «Атамекен» ҰКП арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалған болатын.

Меморандум аясында «Атамекен» ҰКП алаңында кезекті кездесу өткізілді.

СӘ Департаментінің мамандары бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысты

19/04/2024

Maqsut Narikbaev University-де мамандығы бойынша жұмысқа орналасып, қызмет жолында өсудің жаңа мүмкіндіктерін іздеп жүрген азаматтарға арналған жалпы университеттік Job Fair–2024 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Аталмыш іс-шараға СӘ Департаментінің жауапты мамандары қатысты.

Job Fair  жәрмеңкесінің негізгі мақсаты – университет түлектерін жұмысқа орналастыруға бағытталған.

Жәрмеңке барысында СӘ Департаментінің мамандары университет түлектерін сот саласындағы жаңашыл мүмкіндіктерімен таныстырып, олардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Ынтымақтастық туралы екі жақты меморандум жасалды

19/04/2024

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Құжатқа қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың төрағасы Қажымұқан Мекемтас пен ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов қол қойды.

Беттер