Қалалық сотта судьяны төраға лауазымына тағайындалуымен салтанатты түрде құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Астана қалалық сотында қалалық соттың төрағасы Ақан Жұмағұловтың, сот алқаларының төрағалары мен судьялардың қатысуымен салтанатты іс-шара өтті.

А.Жұмағұлов Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әділхан Шайхисламовты ҚР Президентінің 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 523 Жарлығымен Шымкент қалалық сотының төрағасы лауазымына тағайындалуымен құттықтап, сот төрелігі мен сот жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтіп, адал еңбегі үшін алғысын білдірді.

Сот алқаларының төрағалары Д.Әбдіғалиев, Ш.Нүсіпова, сот ұжымы және Астана қаласы бойынша СӘ Департаментінің басшысы Е.Жұмақсанов жылы лебіздерін білдіріп, бірлескен еңбектері үшін алғыстарын білдірді.

Өз кезегінде Ә.Шайхисламов Астана қалалық сотының төрағасы мен сот ұжымына бірлескен жұмысы үшін алғысын білдіріп, оларға табыс тіледі.

Іс-шара соңында ұжым атынан естелік сыйлық табысталды.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі