СӘ Департаментінің мамандары бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Maqsut Narikbaev University-де мамандығы бойынша жұмысқа орналасып, қызмет жолында өсудің жаңа мүмкіндіктерін іздеп жүрген азаматтарға арналған жалпы университеттік Job Fair–2024 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Аталмыш іс-шараға СӘ Департаментінің жауапты мамандары қатысты.

Job Fair  жәрмеңкесінің негізгі мақсаты – университет түлектерін жұмысқа орналастыруға бағытталған.

Жәрмеңке барысында СӘ Департаментінің мамандары университет түлектерін сот саласындағы жаңашыл мүмкіндіктерімен таныстырып, олардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Өз тәжірибелерімен бөлісу арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, алдағы уақытта түлектер мен мекеменің өкілдері арасында арнайы кездесудің жоспарланып отырғандығы туралы да атап өтті.   

 

Источник: 
Астана қаласы сотының баспасөз қызметі