Ынтымақтастық туралы екі жақты меморандум жасалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Құжатқа қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың төрағасы Қажымұқан Мекемтас пен ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов қол қойды.

ЕҰУ базасында Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьялары көшпелі сот отырыстарын өткізіп, оған заң факультетінің студенттері қатыса алады. Бұл оларға практикалық тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар,  студенттердің, магистранттардың және докторанттардың сотта кәсіптік практикадан өтуі жоспарланған.

Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың төрағасы Қ. Мекемтас атап өткендей, іс-шаралар жоспарына сәйкес, судьялар университеттің білім беру бағдарламаларының оқу курстары шеңберінде дәріс оқып, оқу жоспарларын әзірлеуге, заң факультетінің ғылыми үйірмелерінің жұмысына, студенттердің, ЖОО магистранттарының дипломдық жобаларды, магистрлік диссертациялар мен ғылыми жұмыстарын даярлауға қатысады.

ЕҰУ ректоры Е.Сыдықов өзара түсіністік туралы меморандум студенттердің білім деңгейі мен тәжірибесін арттыруға ықпал ететінін жеткізді.

Сондай-ақ, заң факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы судьялар мен сот әкімшілігі қызметкерлерінің алдында құқықтық ғылым мен құқық қолдану практикасын дамытудың өзекті мәселелері бойынша сөз сөйлеу жоспарланды. 

 

 

Источник: 
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты