Судьялар мен бизнес өкілдері әкімшілік істер бойынша сот практикасын талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тиімді жұмыс істеп тұрған әкімшілік әділет Қазақстанда бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасауда маңызды рөл атқарады.

ӘРПК бизнес субъектілерінің жария билік органдарымен құқықтық қатынастарын сотқа дейінгі және сот тәртібімен реттейді.

Бұған дейін Астана қалалық соты мен «Атамекен» ҰКП арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалған болатын.

Меморандум аясында «Атамекен» ҰКП алаңында кезекті кездесу өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына Астана қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев, Астана қаласының кәсіпкерлер палатасының директоры Қанат Алин, әкімшілік соттың судьялары, прокуратура қызметкерлері, адвокаттар мен заң кеңесшілері қатысты.

Алқа төрағасы Дамир Әбдіғалиев өзінің сөзінде кәсіпкерлердің пайдасына қанағаттандырылған талаптардың жоғары пайызын, мемлекеттік сатып алу саласындағы және салықтық даулар бойынша бірыңғай сот практикасының қалыптастырылуын, соттардың істерді қарауы кезінде әкімшілік әділет қағидаттарын тиімді қолдануын атап өтті.

Спикер жер құқықтық қатынастары саласындағы дауларды қарау тәжірибесін, жер заңнамасының өзгеруін және бұл мәселенің елорда үшін өзектілігін ерекше атап өтті.

Сенім, әділеттілік және пропорционалдылық құқығын қорғау қағидаттары мемлекеттік органдармен қарым-қатынаста кәсіпкерлердің құқықтарын іске асыруға ықпал етеді.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар құқық қолдану практикасын талқылау үшін одан әрі ынтымақтастық қажеттігін атап өтті.

Источник: 
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты