Балағат сөздер айтқаны үшін құқық бұзушы 5 тәулікке қамауға алынды
Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша М.-ге қатысты істі қарады (ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі).
Істің мән-жайы бойынша М. мас күйінде автобуста болған кезде С.-ның тарапына балағат сөздер айтып, қорлаған. Автобустан шыққаннан кейін де жәбірленушіні қорлап, заңсыз әрекеттерін жалғастырған.
Өз іс-әрекеттерімен М. қоғамдық тәртіпті бұзып, құрметсіздік танытты.