Сот «Майқайыңалтын» АҚ-ның талап-арызын қанағаттандырудан бас тартты
16/04/2024
2024 жылдың 4 қаңтарында «Майқайыңалтын» АҚ Майқайың жерасты кенішінің аумағында «КӘАҚҚ» ЖШС қызметкерлері автобус тазарту кеңістігіне құлап кеткен еді. Нәтижесінде екі адам қаза тауып, қалған екеуі хабар-ошарсыз жоғалған болатын.
ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті төрағасының 2024 жылғы 4 қаңтардағы бұйрығымен Еңбек кодексінің 188-бабының 3-тармағына сәйкес, еңбек қызметіне байланысты өлімге әкеліп соққан жазатайым оқиғаның себептерін тергеу мақсатында комиссия құрылды.