Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін құқық бұзушы 5 тәулікке қамауға алынды
Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша Ш.-ға қатысты істі қарады (ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі).
Ш. көлікте болған кезде К.-ны қорлап, оған құрметсіздік көрсеткен.
Ш.-мен бірге тұратын жәбірленуші К. мас күйінде болғанын және олардың арасында қызғаныштың кесірінен келіспеушіліктер орын алғанын айтты. Осыдан кейін Ш. көлігін жол жиегіне тоқтатып, К.-ні көліктен итеріп түсіріп кеткен.