Партисипативті рәсім даулы құқықтық қатынастарды тиімді шешудің тәсілі ретінде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Партисипативті рәсім әр түрлі санаттағы дауларды шешуде адвокаттар мен заң кеңесшілері палаталарының мүшелері арасында біртіндеп қарқын ала бастады.

Астана және Алматы қалаларының адвокаттар алқасының адвокаттары А.Абсадықова мен Н.Гуторованың  кәсібилігінің арқасында Астана қалалық сотының апелляциялық сатысында 5 жылға созылған дау бейбіт жолмен партисипативті рәсімде реттелді.

Тараптар дауды шешудің нақты орындалатын шарттарын анықтап, істі тоқтатуды сұрады.

Сот алқасының ұйғарымымен партисипативті келісім бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.

Естеріңізге сала кетейік, «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» ҚР Заңы 31-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сот арқылы қорғауға және заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтарын іске асыруға жәрдемдесуге, сондай-ақ дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесуге арналған.

2015 жылғы 31 қазандағы Азаматтық іс жүргізу кодексінің қабылдануымен алғаш рет адвокаттардың қатысуымен тараптарды татуластырудың жаңа тәсілі – партисипативті рәсім енгізілді.

2020 жылғы 10 маусымда заң кеңесшілері палаталарының мүшелері болып табылатын тұлғаларға да партисипативті рәсімді жүргізу құқығы берілді.

 

 

Источник: 
Астана қаласы сотының баспасөз қызметі