Қызметкерден залал сомасын өндіріп алудан бас тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Лак-бояу материалдары, құрғақ құрылыс қоспалары және әкелінетін өнімдер қоймасының меңгерушісі толық жеке материалдық жауапкершілік туралы шартқа қол қойған. Қабылдап алу-тапсыру актісі негізінде жауапкер материалдық құнды тауарларды есепке алды.

Түгендеу қорытындысы бойынша 2023 жылдың сәуір айында 5 млн.теңгеден астам сомаға жетіспеушілік анықталды.

Р. - мен еңбек шарты 2023 жылғы 20 қыркүйекте Еңбек кодексінің 49-бабының 5-тармақшасы негізінде қызметкердің өз қалауы бойынша бұзылды.

Сот тауарды беру актісінде құнын көрсетпестен тауарлардың атаулары ғана көрсетілгенін анықтады. Тауарды алдыңғы жауапты тұлғадан Р. - ға беру кезінде түгендеуді растайтын тізімдемелері де жоқ екені анықталды.

Қабылдап алу-тапсыру актісінде тауарды берген тұлғаның қолы қойылмаған.

Жауапкер қойма меңгерушісі лауазымына 2023 жылдың 4 қаңтарында тағайындалды, тауар жауапкерге 2023 жылдың 1 сәуірінде ғана берілген.

Осылайша, материалдық-жауапты тұлғаларды ауыстыру кезінде қабылдап алу-тапсыру күніне түгендеу жүргізуді көздейтін Қағидалардың 62-тармағын бұза отырып, материалдық құндылықтар тауарлары оны өткізбестен Р-ға берілген.

Комиссияның 2023 жылғы 29 тамыздағы түгендеуінде жетіспеушілік себептері көрсетілмеген.

3 млн.теңгеге жуық сомаға 1671 бірлік көлеміндегі жетіспейтін тауарды, отын мен ағаш түпқойманы сақтау ашық аумақта жүргізілген.

Осылайша, жұмыс беруші жауапкерге сеніп тапсырылған мүліктің толық сақталуын қамтамасыз ету бойынша жағдайлар жасамаған, бұл залалды өтеу жөніндегі міндетті болдырмайды.

Сот талапты қанағаттандырудан бас тартты.

Апелляциялық тәртіпте сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды, жауапкердің апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады.

Шешім заңды күшіне енді.

 

 

 

 

 

 

 

Источник: 
Астана қаласы сотының баспасөз қызметі