жм, 12/04/2024 - 15:34
Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша М.-ге қатысты істі қарады (ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі).
Істің мән-жайы бойынша М. мас күйінде автобуста болған кезде С.-ның тарапына балағат сөздер айтып, қорлаған. Автобустан шыққаннан кейін де жәбірленушіні қорлап, заңсыз әрекеттерін жалғастырған.
Өз іс-әрекеттерімен М. қоғамдық тәртіпті бұзып, құрметсіздік танытты.
Осы баптың санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5-тен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жауаптылықты көздейді.
Сот қаулысымен М. ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 тәулікке қамауға алу түрінде жаза тағайындалды.
Сот 5 тәулік қамауға алу түріндегі жазалау шарасын құқық бұзушылық жасалғанға дейін және одан кейінгі іс-әрекеттің, қоғамдық қауіптілік дәрежесі мен сипатын ескере отырып тағайындады.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.