Архив событий

25/02/2022

Елордалық сотта Судьялар одағы филиалының конференциясы өтті

25/02/2022

2022 жылдың 25 ақпанында елордалық сотта Қазақстан Республикасы судьялар Одағының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының кезекті конференциясы өтті.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша судьялар Одағы филиалының төрағасы Жанира Пернекұлова конференцияны аша отырып, күн тәртібінің негізгі мақсаттарының бірі - Судьялар одағы филиалының Судья әдебі жөніндегі комиссиясының жаңа құрамын сайлау болып табылатын атап өтті.

Іс-шара барысында Жанира Пернеқұлова филиалдың 2021 жылы атқарған жұмыстарына тоқталды.