Архив событий

08/02/2022

Моральдық зиянды өтеу туралы дауды сот қарады

08/02/2022

Есіл аудандық соты азаматша С-ның жауапкер О-ға моральдық зиянды өтеу туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады.

Елорданың әкімшілік сотының қаулысымен О. талап қоюшының денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылды.

С. сотқа жауапкерден талап қоюшының денсаулығына кері әсерін тигізген дене жарақатын салу салдарынан келтірілген моральдық зиянды 500 мың теңге мөлшерінде өндіріп алуды сұрады.

Сот шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылды, талап қоюшының пайдасына 350 мың теңге мөлшерінде моральдық зиян сомасы өндіріп алынды.

Сот үлескерлердің құқығын қорғады

08/02/2022

Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен «Ш» тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүддесі үшін Есіл ауданы прокурорының «K» және «И» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талап қоюы  қанағаттандырылды.

3 алдын ала сатып алу-сату шарты және талап ету құқығын беру шарты (цессия) бұзылды, көрсетілген адамдардың пай жарналары ретінде берілген, 18 миллион теңгеден астам ақша қаражаты талап қоюшының пайдасына екі жауапкерден бірдей өндіріп алынды.

Сот шешімі дереу орындауға жіберілді.

Шешім заңды күшіне енді.

 

Сот мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтірді

08/02/2022

Елорда тұрғыны Қ-ға анасы қайтыс болғаннан кейін қалған мүлікке заң бойынша мұраға құқық туралы куәлік беруден мерзімін өткізіп алуына байланысты нотирус бас тартты.

Кейін, Қ. Нұр-Сұлтан қаласының Алматы аудандық сотына жүгініп, мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіруді сұрады, өйткені анасының қандай да бір мүлкінің бар екендігі туралы хабардар емес еді.

Сотта 2006 жылы А-ға (марқұм) меншік құқығына жер учаскесі берілгені анықталды. 2010 жылы А. қайтыс болды.

Алқа төрағасы ЖС-ның әкімшілік істер бойынша сот актілерінің жинағын таныстырды

08/02/2022

Нұр-Сұлтан қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі алқа төрағасы Дамир Әбдіғалиев жұмыс кездесуі барысында бірінші және апелляциялық сатылардағы судьяларға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер бойынша 2021 жылғы екінші жартыжылдықтағы сот актілерінің жинағын және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2021 жылғы көрсетілген кезеңдегі хаттарының жинағын таныстырды.

Жинақтар мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьяларына практикалық көмек көрсету мақсатында әзірленді және ұсынымдық сипатта болады.