Архив событий

18/02/2022

Судьялар сот орындаушыларының әрекеттеріне шағымдану бойынша істерді қарау тәжірибесін талқылады

18/02/2022

Нұр-Сұлтан қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі алқа төрағасы Дамир Әбдіғалиевтің бастамасы бойынша Әділет департаментінің алаңында атқарушылық әрекеттерді жасау заңдылығын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына елордалық әкімшілік соттың төрағасы Руслан Мажитов, Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаментінің төрағасы Арман Ақылбай, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы Ерлан Онтаев, судьялар мен сот орындаушылары қатысты.

Кәмелетке толмаған балаларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын-алудағы өзекті мәселелер

18/02/2022

Нұр-Сұлтан қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Кәмелетке толмағандарға қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын-алудағы өзекті мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның модераторы ретінде сот төрағасы Жанаргүл Алпысбаева сөз сөйледі.

«Эссе жазу техникасы» тақырыбында дәріс сабағы өткізілді

18/02/2022

Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа аудандық сотында «Эссе жазу техникасы» тақырыбында дәріс өткізілді.

Дәрісті М. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ажар Зекенова оқыды.

Дәріс барысында профессор тыңдаушыларға эссе жазу техникасы мен оның түрлерін, көркем шығармадан айырмашылығы, құрылымын түсіндіріп, эссе жазу барысында жиі кездесетін қателіктерге назарын аудартты. Дәріс беруші қарапайым мысалдар келтіру арқылы берілген ақпаратты қосымша пысықтап отырды.