Архив событий

17/02/2022

Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің онлайн отырысы өтті

17/02/2022

Нұр-Сұлтан қаласының сотында судьялардың бос лауазымдарына кандидаттарды талқылау мәселесі бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің онлайн отырысы өтті.

Кеңес өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Отырыста судьялыққа 38 кандидатқа қатысты материалдар қаралды. Отырыс нәтижесі бойынша 34 кандидат оң қорытындыға, 4 кандидат теріс қорытындыға ие болды.

 

 

Салық төлеушінің құқықтары қалпына келтірілді

17/02/2022

2021 жылы салық органы жеке тұлғадан көлік құралдары салығы бойынша берешекті өндіріп алу туралы бұйрық шығарды.

Сот талқылауы барысында Мемлекеттік кірістер органы көлік құралдарына салық салу реттілігін регламенттейтін салық заңнамасының императивті талаптарына қарамастан, салық сомасы туралы хабарлама болмаған кезде есептеуге тізілімді толтыруды заңсыз жүргізгені анықталды.

Бұл әрекеттер дербес шоттарды жүргізу тәртібін өрескел бұзды, бұл негізсіз салық бұйрығын шығаруға әкеп соқты.