Жарнашылардың ақшасын иемденген компания басшысына қатысты іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

25.05.2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданының № 2 аудандық соты «KAZ PEPPER» ЖШС-нің басшысы С. Жағалбайлықызына қатысты үкім шығарды.

С. Жағалбайлықызы жарнашылардың тұрғын үй құрылысына арнап оған сеніп тапсырған аса ірі мөлшердегі ақшасын иемденіп, жұмсап қойғаны үшін кінәлі деп танылды (ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің          2-тармағы).

С. Жағалбайлықызы «Шаңырақ 2006-НС» тұрғын үй-құрылыс кооперативімен бірлесіп жұмыс істеу туралы шарт жасасып, 01.02.2017 жылдан бастап 29.03.2019 жыл қоса есептелген уақыт кезеңінде Нұр-Сұлтан қаласындағы көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы жүргізіледі деген сылтаумен 37 жарнашының 301 669 475 теңге ақшасын иемденіп, жұмсап қойған.

Тұрғын үй салынған жоқ, жарнашыларға ақша қайтарылмады. Сотталушы жәбірленушілердің ақшасының тұрғын үй құрылысына пайдаланылғаны туралы дәлелдерді ұсына алмады.

Оның жәбірленушілердің ақшасын жымқырғаны үшін кінәсі сот отырысында зерттелген дәлелдемелердің жиынтығымен анықталды.

С. Жағалбайлықызы материалдық жауапкершілікке және әкімшілік-өкімдік функцияларды атқаруға байланысты лауазымдарды атқару құқығынан 5 жыл мерзімге айырылып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Байқоңыр ауданының №2 аудандық соты