Архив событий

12/06/2020

«Онлайн» форматта еңбек дауларының алдын алу

12/06/2020

Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр аудандық сотында «онлайн» кездесу өтті.  

Іс-шараға сот төрағасы Нұрбол Шамиев, судья Сәуле Спандиярова, қалалық соттың судьясы Гүлжамал Тайбағарова, қалалық Кәсіподақ орталығы төрағасының орынбасары Төлеген Құнәділов және «Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жанындағы бақылау және сапа басқармасы» ММ-нің өкілдері, сондай-ақ Алматы, Есіл және Сарыарқа аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Татуласу орталығы» жобасының үйлестірушісі Алмагүл Жаманова қатысты.

Дауларды сотқа дейін реттеу мәселелері бойынша азаматтардың «онлайн» қабылдауы өтті

12/06/2020

Нұр-Сұлтан қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалымен бірлесіп, аптасына екі рет мобильдік қосымшалар арқылы дауларды сотқа дейін реттеу мәселелері бойынша азаматтарды қабылдауды жүргізді.

2020 жылғы 10 маусымда елордалық экономикалық соттың судьясы Гуля Әлімбаева және "Атамекен" ҰКП-ның Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалы директорының орынбасары Қуанышбек Мұқаш жоғарыда аталған ұйымдардың өкілдерімен "Онлайн" қабылдау өткізді.