Сот кенішті жою кезінде жіберілген бұзушылықтарды анықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында ШҚО Табиғат қорғау прокуратурасының «В» ЖШС-не, ҚР ИИДМ Юбилейный-Снегиринский кен орнын жою жобасын жарамсыз деп тану және оның қызметін тоқтату бойынша актінің күшін жою туралы іс қаралды.

2001 жылдан бастап «К» ЖШС Юбилейный-Снегиринский кен орнында полиметалл кендерін өндіру туралы келісімшарт жасалған.

2014 жылғы қосымша келісімшарт бойынша барлық міндеттемелерді орындау «В» ЖШС-нің қарамағына өтті. Келісімшарт мерзімі 2018 жылдың 21 қазанына дейін іске асты.

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекстің 54-бабының 1-тармағына сәйкес, жер қойнауын пайдаланушы өзіне берілген учаскеде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жоюға міндетті.

2018 жылғы 20 ақпанда Экология департаментіне аталған кен орнын жою жобасы ұсынылып, оң қорытынды шығарылды. 

Уәкілетті органның бұйрығымен 2019 жылы объектіні жою жөніндегі жұмыстарды қабылдау комиссиясы құрылып, оның қызметін тоқтату туралы актіге қол қойылды.  

Сот отырысында Кіші Қарақожа өзенінің жер үсті суларының металдармен (темір, мырыш, кадмий, мыс) ластануы байқалады.  

Сонымен қатар, көптеген ағындар жер астынан өтіп, жиналып, шахта аумағы арқылы ағып жатқан сумен араласады.  

Сондай-ақ, кенішті жою кезінде жобалық құжаттаманың бұзыла отырып жүргізілгені анықталды. Тау жыныстарының құлау қаупі, су көздерінің, жердің ластануы қоршаған ортаға зиян келтіруде.

Белгіленген мән-жайлардың жиынтығына сүйене отырып, сот Юбилейный-Снегиринский кен орнының қызметін тоқтату бойынша актінің күшін жою туралы қорытындыға келді. 

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.  

 

Источник: 
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты