Келісім-шарт сомасы 2,7 млрд. теңгеге азайтылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты мемлекеттік мекеменің ЖШС-не жедел жәрдем көлігінің құнын айқындауда мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына өзгерістер енгізу туралы талап-арызы бойынша істі қарады.

2019 жылғы 17 қаңтарда тараптар арасында шарт жасалып, онда жедел жәрдем көлігі 1 бірлігінің құны – 48,3 млн.теңге, 100 бірлік үшін 4,8 млрд. теңге мөлшерінде деп белгіленген.

Қылмыстық істі тергеу шеңберінде сараптамалар жүргізілді.

Сараптама қорытындысы бойынша ЖШС жедел жәрдем автокөліктерін сатып алуға 2,7 млрд. теңге жұмсалғаны анықталды. Алайда, қабылдау-тапсыру актілерінде артық құн көрсетілгені белгілі болды.

ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігінің 3) тармақшасының негізінде мемлекеттік мекеме басшысына қатысты қылмыстық іс ақталмайтын негіздер бойынша (рақымшылыққа байланысты) тоқтатылды.

АПК-нің 76-бабының 4-бөлігіне сәйкес көрсетілген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған тұлға жасаған іс-әрекеттің азаматтық-құқықтық салдары азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен талап қою кезінде қайта дәлелденбейді.

Материалдардағы дәлелдердің негізінде сот жедел жәрдем автокөлігінің нақты құны 27,2 млн.теңгені, ал 100 автокөлік үшін – 2,7 млрд. теңгені құрайды деген қорытындыға келді.

Сот шешімімен талап-арыз қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

 

 

 

 

Источник: 
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты