Дәрігердің науқасқа қатысты ар намысты қорғау туралы талабы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты С-ның. Т.-ға қатысты ар-намысы мен іскерлік беделін қорғау және 1 млн.теңге сомасында моральдық зиянды өндіріп алу туралы талап-арызы бойынша істі қарады.

Талапкердің талаптары жауапкердің «Instagram» желісінде таратқан мәліметтердің шындыққа жанаспайтындығына негізделген.

Сот психологиялық-филологиялық сараптама тағайындады.

Сарапшының қорытындысына сәйкес, мәлімдемелерде С. туралы теріс мәліметтер бар екені, олар пайымдау түрінде, пікір, болжам және бағалау түрінде де көрсетілгені анықталды. Бұл ретте С.-ның іс-әрекеттерін теріс сипаттайтын мәліметтер шындыққа сәйкес келмеген жағдайда, адамға күйе жағу болып табылады.

Алайда, жауапкер мәліметтердің шындыққа сәйкес келетіндігін растайтын дәлелдер, оның ішінде дұрыс қойылмаған диагноз туралы айтты.  

С-ның тарапынан кеселді диагностикалауда кеткен қателік өзінің растауын тауып, кейін ауыр салдарға әкеп соқтыруы мүмкін болғанын ескере отырып, сот талап-арыз қанағаттандырылуға жатпайды деген қорытындыға келді.     

Сот науқастың құқығын қорғады.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. 

 

                                                                                

 

Источник: 
Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты