Ақша бопсалағаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қорқытып алу фактісі бойынша Қ.-қа қатысты іс қаралды (ҚК 194-бабының 4-бөлігі 2-тармағы).

Айыптаудың мәні 

Қ. (қайын атасы) Х.-тен (күйеу баласы) 20 млн.теңгеден астам қаражат бопсалаған деп айыпталды. 

Сотталушының қызы Ұлыбританияда болған кезінде, жұбайы Х-тің үстінен бала ұрлау фактісі бойынша арыз берген.

Жергілікті полиция қызметкерлері Х.-ті ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаған.

Қ. қызының өтініші бойынша Х.-тің ұсталғанын біліп, арызды қайтарып алу үшін бопсалауға бағытталған қылмыстық ниетті жүзеге асыру мақсатында одан 20 млн.теңгеден астам ақша төлеуді талап еткен.

Х. өзінің бостандығы үшін, сотталушының талаптарына келіскен.

Сот үкімі    

Осы баптың санкциясы мүлкi тәркiленiп, 7 жылдан 15 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сот-филологиялық сараптаманың қорытындыларымен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді.

Сот үкімімен Қ. кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

 

 

Источник: 
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты