2024 жылғы бірінші тоқсандағы әкімшілік әділет органдарының қызметінің қорытындылары

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2024 жылдың 3 айында елордалық әкімшілік сотқа барлығы – 1022 талап-арыз келіп түсті. Өткен жылы дәл осы кезеңде - 954 талап-арыз берілген. Қазіргі таңда өткен жылдардағыдай азаматтар мен заңды тұлғалар белгілі бір саладағы бұзылған және даулы құқықтарды қорғау, оны қалпына келтіру үшін соттарға жиі жүгінеді.

Көрсеткіштерге сәйкес, талдау кезеңінде сот орындаушыларының іс-әрекеттерінің 45,6%-ы сот тәртібімен заңсыз деп танылған (124 істен 90 талап-арыз қанағаттандырылды).

Бүгінгі таңда кәсіпкерлер көбінесе салық органдарының әрекеттері мен актілеріне дауласады.

Мәселен, 2024 жылдың бірінші тоқсанында елордалық сот салықтық құқықтық қатынастар саласындағы талаптардың 71% пайызын негізді  деп таныған (келіп түскен 83 істен 59 істің талаптары қанағаттандырылған  шешім шығарумен аяқталған).

Тек 2024 жылдың 3 айында елордалық әкімшілік сотқа 581 кәсіпкерлік субъектісі құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қалпына келтіру үшін талап-арызбен  жүгінген (163 – өндірісте қалған істер, 418–талап- арыз түсті). Бұл ретте ағымдағы жылы кәсіпкерлердің талап-арыздарының 63,9% пайызы (келіп түскен 180 істің 115 талап-арызы қанағаттандырылған шешім  шығарумен аяқталған), яғни қойылған талаптар орынды деп танылған. Ал салыстырмалы түрде бұл көрсеткіш 2023 жылдың 1-тоқсанында 70,9% пайыздық көрсеткішті құраған.

Источник: 
Пресс-служба суда города Астаны