Жер учаскесін сату-сатып алу шарты бұзылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Астана қаласының Жер қатынастары басқармасы» ММ-нің «Жил Строй Групп-2007» ЖШС-іне, «Астана қаласының Әділет департаменті» ММ-не қатысты жер учаскесін сату-сатып алу шартын бұзу, әділет органдарында жер учаскесіне құқығын мемлекеттік тіркеудің күшін жою туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады.

Сот отырысында, «Астана қаласының Жер қатынастары басқармасы» ММ және «Жил Строй Групп-2007» ЖШС арасындағы жер учаскесін сату-сатып алу шарты әкімдік қаулы шығарғаннан кезден бастап 1,5 жыл өткеннен кейін бекітілгені анықталды. Жергілікті атқарушы органның осы қаулысымен бала бақшасы бар аз қабатты тұрғын үй кешенін салуға және пайдалануға арналған жер учаскесі жауапкерге жер учаскесін сату-сатып алу шартын бекіту шартында жеке меншікке берілген.

Жоғарыда аталған шарттың талаптары бойынша жауапкер жер учаскесінің мақсатты нысанына сәйкес оны пайдалануға міндеттелген. Алайда, осы жер учаскесін оның мақсатты нысанасы бойынша пайдалану дәлелдемесін «Жил Строй Групп-2007» ЖШС-гі сотқа ұсынбаған.

Сот шешімімен талап қоюлар қанағаттандырылған.

         «Астана қаласының Жер қатынастары басқармасы» ММ және «Жил Строй Групп-2007» ЖШС арасында бекітілген  жер учаскесін сату-сатып алу шарты бұзылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі