Астана қаласы Алматы аудандық сотында «Сот актілерін орындау тәртібі» тақырыбына дәріс өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Бүгін Астана қаласы Алматы аудандық сотында кеңсе мамандарына «Сот актілерінің орындау тәртібі» тақырыбына дәріс өтті.

Өз сөзінде кеңсе меңгерушісі Д.Шабданова соттағы іс жүргізу ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізілетінін айтты.  ҚР АІЖК-нің 236-бабының 2-тармағына сәйкес, сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін атқару парағы толтырылады, оны сот өндіріп алушыға, не оның жазбаша арызы бойынша электрондық құжат нысанында аймақтылығы бойынша әділет органына орындау үшін жібереді. Сонымен бірге, бұрын берілген тапсырмаға сәйкес, сот актісін жариялағаннан кейін сот отырысының хатшысы ұтылған тарап жақтан атқару парақты алу тәсілі туралы арыз алуы қажет.

Атқару парағы үш күн ішінде берілмеген және сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін атқару парағын алу тәсілі туралы тиісті арыз болмаған жағдайда сот отырысының хатшысы сот актісі заңды күшіне енгені, атқару парағы берілгені және істе екені туралы хабарлама жазуы тиіс.

Дәріс соңында кеңсе меңгерушісі «ҚР СО БААТЖ» бағдарламасы  арқылы атқару парағын толтыру жөнінде түсінік берді. 

Қайнар: 
Астана қаласының баспасөз қызметі