Апелляция А. Мұхамедьяровты адвокаттық лицензиядан айыру туралы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әділет министрлігі өз қызметін жүзеге асыру кезінде заңды бұзуға жол берген Аманжол Мұхамедьяровты адвокаттық лицензиядан айыру туралы талаппен сотқа жүгінді.

Бірінші сатыдағы сот Министрліктің талабын қанағаттандырды.

Заң қалай бұзылды?

А. Мұхамедьяров үлескерлердің ақшасын ұрлаған құрылыс компаниялары басшыларының қылмыстық ісі бойынша қорғауды жүзеге асырды. Сот талқылауы барысында адвокат сот отырысының аудио-бейнежазбасын алған. Заң бойынша, сот отырысының жазбасын алып, адвокат:

а) жазбаны қорғалушының мүдделерін қорғау үшін ғана, оның ішінде сот талқылауының барысын дәл белгілеу және қылмыстық іс бойынша нақты мән-жайларды анықтау үшін пайдалануға;

б) деректері жазбада көрсетілген барлық адамдардың келісімінсіз дербес деректерді (аты-жөні, ЖСН, тұрғылықты жері, ұлты, бейнесі және т.б.) таратпауға міндетті еді.

Аталған талаптарға қарамастан, адвокат 2019 жылғы 24 және 27 тамызда процеске қатысушылардың дербес деректерін қамтитын жазбаны «Facebook» әлеуметтік желісіне салған.

Осылайша, адвокат сот отырыстарының жазбаларын сот ісін жүргізу мақсатында ғана пайдалану туралы қылмыстық процестік заңның талаптарын процеске басқа қатысушылардың конституциялық құқықтарына нұқсан келтіре отырып бұзуға жол берген. Сөйтіп, заң көмегін көрсету қағидаттарын және адвокаттардың кәсіби Әдеп кодексін бұзған.

Апелляция бірінші сатыдағы соттың Әділет министрлігінің қойған талабын қанағаттандыру туралы шешімін өзгеріссіз  қалдырды.

 

 

Источник: 
Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметі