Архив событий

11/12/2014

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы жаңа Кодексті талқылау

11/12/2014

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында  әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы жаңа Кодексті және жаңа Кодекстің кейбір нормаларын қолдануға қатысты мәселелерді талқылау бойынша дөңгелек үстел шарасы өтті.

Шараға басшылық пен елордалық прокуратураның, ішкі істер Департаментінің, мемлекеттік кіріс Департаментінің, мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау мен лицензиялау Басқармасының, әлеуметтік-дәрігерлік  сауықтандыру орталығының және басқа да Астана қаласының мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.

Елордалық сотта семинарлар өтті

11/12/2014

Бүгін Астана қалалық сотында мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісінің этикалық нормалары» және «Қызметтік құжаттарды әзірлеудің талаптары» атты тақырыптарда семинарлар өткізілді.        

«Сот төрелігін жүзеге асыруды жеңілдету сұрақтары бойынша ҚР Заңының ережелерін қолдану» тақырыбындағы дөңгелек үстел

11/12/2014

11 желтоқсан 2014 жылы Астана қаласының Есіл аудандық сотында  17 қараша 2014 жылғы ҚР Заңының ережелерін қолдану тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысы барысында  Астана қаласының Есіл аудандық сотының төрағасы Г.А. Абдигалиева, судьялар, сот мамандары, қызмет көрсетуді жүзеге асырушы қызметтер (электр-, газ-, жылу-, сумен қамту, телефон және ғаламтор желісі, кабельді теледидар, тұрмыстық қалдықтарды шығару) пәтер иелерін басқарушы ұйымдардың өкілдері қатысты.