Елордалық сотта семинарлар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Астана қалалық сотында мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісінің этикалық нормалары» және «Қызметтік құжаттарды әзірлеудің талаптары» атты тақырыптарда семинарлар өткізілді.        

Аталмыш семинар сабақтарында Астана қалалық сотының Кеңсе басшысы Р.О. Тауымбеков және Кеңсе басшысының орынбасары А.М. Ибрагимов мемлекеттік қызметшінің жалпы этикалық нормаларын, мемлекеттік қызметшінің адами-этикалық бет-бейнесіне қойылатын талаптарды, сонымен бірге  құжаттаманың жалпы ережелерін  түсіндіре отырып, баяндама оқыды. 

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі