«Сот төрелігін жүзеге асыруды жеңілдету сұрақтары бойынша ҚР Заңының ережелерін қолдану» тақырыбындағы дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

11 желтоқсан 2014 жылы Астана қаласының Есіл аудандық сотында  17 қараша 2014 жылғы ҚР Заңының ережелерін қолдану тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысы барысында  Астана қаласының Есіл аудандық сотының төрағасы Г.А. Абдигалиева, судьялар, сот мамандары, қызмет көрсетуді жүзеге асырушы қызметтер (электр-, газ-, жылу-, сумен қамту, телефон және ғаламтор желісі, кабельді теледидар, тұрмыстық қалдықтарды шығару) пәтер иелерін басқарушы ұйымдардың өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел 17 қараша 2014 жылғы «Бюрократиялық рәсімдердің санын азайту, сот төрелігін жүзеге асырудың оңтайлатудың сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының ережелерін түсіндіру үшін өткізілді.

Кездесу барысында осы аталған істер санатына қатысты қажетті дәлелдемелер ұсыну туралы сұрақтар қойылып, тізім және сот бұйрығын шығару туралы арыздың қабылдану мен орындауға жіберу тәртібі  анықталды.

Сонымен қатар, өтініш жобасы және қажетті құжаттар тізімі әзірленді. 

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі