Жұбайының денсаулығына зиян келтіру туралы іс бойынша үкім заңды күшіне енді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2023 жылғы 14 наурызда апелляциялық саты ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігі бойынша 3 жылға бас бостандығынан айырылған С.-ға қатысты Алматы ауданының №2 аудандық сотының 2023 жылғы 2 ақпандағы үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Сотта анықталғандай, С. тұрғылықты жері бойынша мас күйінде жұбайымен жанжал шығарып, оны тұншықтырып, содан кейін оны екінші қабаттан итеріп жіберді. Нәтижесінде ол әдейі омыртқаның, өкше сүйегінің сынуы түрінде жұбайының денсаулығына ауыр зиян келтірді. 

Апелляциялық саты сотталушының іс-әрекетінің саралануымен келісті. Сонымен қатар, ол бірінші сатыдағы соттың нақты бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындау туралы тұжырымдарымен келісті, өйткені отбасы мүшесі – жұбайына қатысты жасалған ауыр қасақана қылмыстың сипаты, денсаулығына ауыр зиян келтіру тәсілі, мас күйінде қылмыс жасау жазаның неғұрлым қатаң түрі жазаның мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ете алмайтындығын көрсетеді. Жәбірленуші жарақат алғаннан кейін бөтеннің көмегінсіз өзін-өзі күтуге мүмкіндігі жоқ.

Үкім заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Астана қаласы сотының баспасөз қызметі