Үлескерлердің ақшасын жымқырған адамға қатысты үкім шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2022 жылғы 28 қарашада Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты азаматша С.-ға қатысты айыптау үкімін шығарды, ол талан-таражға салу арқылы үлескерлердің аса ірі мөлшердегі ақшалай қаражатын жымқырған.

Тергеу  органы ұсынған айыптау:

С. «Жеңіс Премиум Астана» ТҚК директоры бола отырып, 94 үлескерден «Талисман» МЖК-нің құрылысына ақшалай қаражат алған  және үйдің құрылысын аяқтамастан, оған сеніп тапсырылған 287 млн. теңгені жымқырып, Қазақстан Республикасынан тыс жерде жасырынған.

Астана қаласында проблемалық құрылыс объектісі ретінде танылған «Талисман» МЖК-нің үйін «НұрлыЖер» мемлекеттік бағдарламасының аясында басқа құрылыс салушы аяқтады.

Сотта:

Прокурор С.-ға ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы бойынша 8 жылға бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындауды сұрады.

Барлық  жәбірленушілер пәтер алуларына орай материалдық залалды өтеу бойынша талаптан бас тартты, жаза қолдануды  соттың қарауына қалдырды.

Сотталушы С. өз кінәсін мойындамады, ол және оның қорғаушылары оны ақтауды сұрады.

Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде С.-ның жас баласының болуы танылды.

Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот үкімі:

Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық ауыр қылмыстарға жатады. Баптың санкциясы 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сот бұрын сотталмаған С.-ның жеке басын, жәбірленуші тараптың ұстанымын ескере отырып, С.-ны аса ірі мөлшерде жымқыру жолымен өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін кінәлі деп таныды (ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы).

Сот С.-ны инвесторларды тарта отырып үлестік, пайлық құрылыс, ТҚК құру қызметімен айналысу құқығынан 5 жыл мерзімге айыра отырып  7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты