Сот адвокаттардың өтініші бойынша азаматтық істі қысқартты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2020 жылғы 17 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық сотының ұйғарымымен Ерлан Газымжановтың, Аманжол Мухамедьяровтың, Гульнара Жуаспаеваның, Республикалық адвокаттар алқасының үшінші тараптарының ҚР Жоғарғы Сот жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі Департаментіне нормативтік құқықтық актінің жеке бөлігін заңға қайшы деп тану туралы өтініші бойынша азаматтық іс өндіріспен қысқартылды.

Өтініш білдірушілер соттан Департамент Басшысының міндетін атқарушының   «Сот отырысы барысын жазуды қамтамасыз ететін аудио-, бейне жазба құралдарын техникалық қолданудың, аудио-, бейне жазбаны сақтаудың және жоюдың, аудио-, бейне жазбаға қолжетімділіктің ережелерін бекіту туралы» бұйрығын заңға қайшы деп тануды сұрады. Олардың пікірінше аталмыш бұйрық сот органдарынан алынатын аудио-бейне жазба материалдарына қолжетімділік пен оны пайдалануға адвокаттардың құқықтарын шектейді.

Сот  өтініш білдірушілердің  талаптары сот өндірісіндегі басқа азаматтық істер бойынша құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау тәсілі болып табылады деген тұжырымға келді. Өтініш білдірушілердің  лицензиясын тоқтата тұру/тоқтату туралы уәкілетті органның бұйрығын даулау бойынша қаралып жатқан істер аясында өздерінің позициясын ұстануда аталмыш өтініштің дәлелдерін келтіру мүмкіндігі жоғалмады.

Бұған қоса, ерікті талаптар келтірген үшін тараптар (Республикалық адвокаттар алқасы және өзге аймақтардың адвокаттары) сотта даулы бұйрықпен бұзылған құқықтар жайлы дәлелдер кетірмеді.

Сот, дербес деректерге, осы жағдайда сот отырыстарының аудио-,бейне жазбасына қолжетімділік құқығын қарастыратын «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заң нормаларын түсіндірді. Яғни, кәсіби, қызметтік, сондай-ақ еңбек қатынастарға қажеттілікке байланысты шектеулі рұқсат етілген деректерді білетін тұлғалар деректердің құпиялылығын сақтауды қамтамасыз етуге міндетті.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Есіл аудандық соты