Пәтер саудасындағы алаяқтық

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сотталған З. жәбірленуші К.-мен өзара туыс болғандықтан, оның Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан жылжымайтын мүлкі бар екенін біліп, О.-мен және Т.-мен өзара қылмыстық сөз байласып, аталған жылжымайтын мүлікті одан әрі сату және материалдық пайда табу мақсатымен, оны сатып алу құқығын иеленуге бағытталған қылмыстық жоспар құрған. Осы үшін үшеуіне де  осындай айып тағылды.

З. қылмыстық әрекеттерге дем беруі үшін Р. мен Ж.-ны 2018 жылғы шілденің ортасында өзіне тартып, К.-нің атынан оның өзіне тиесілі мүлікті басқару құқығын беру үшін нотариус арқылы Т.-ның атына сенімхат ресімдеген. Бұл үшін ол К.-ның атына алдын ала дайындалған жеке бас куәлікті заңсыз пайдаланған.   

Бұдан кейін Р. мен Ж.-ның дем беруімен О. мен Т. сияқты жер телімімен бірге тұрғын үйге жатпайтын кеңселік үй-жайды сатып алу-сату жөніндегі 2017 жылғы 18 мамырда жасалған шарттың көшірмесін нотариустан алған. Одан соң З. мен О. өздеріне  Р. мен Ж.-ның дем беруімен К.-ның атына ресімделген көрінеу жалған жеке бас куәлікті 2018 жылғы 31 шілдеде нотариуске көрсетіп, сатып алу шартын нотариустың кеңсесінде      Т.-мен бірге ресімдеген. К. осы шарт бойынша жоғарыда аталған жылжымайтын мүлікті Т.-ға сыйға тартқан.

Осыдан кейін З., О., Т. жоғарыда аталған жылжымайтын мүлікті Т.-ның атына тіркеп, оны Н.-ға 130 000 АҚШ долларына сатқан. Бұл 45 344 000 теңгеге тең болып шығады.

З., О., Т., Р., Ж. ақшалай қаражаттарды Н.-дан алдау жолымен алып, оны өздерінің қалауынша жаратқан. Осы арқылы олар Н.-ға аса ірі мөлшерде, яғни 45 344 000 теңгеге материалдық залал келтірген.

Астана қаласы Алматы ауданы № 2 аудандық сотының үкімімен З., О., Т. ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және олардың әрқайсысы осы бап бойынша 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылып, жазаларын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтейтін болды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

 

Источник: 
Алматы ауданының №2 аудандық соты