Оқытушы бұрынғы жұмысына қайта қабылданды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Азаматша М. «С» КЕАҚ-пен іскерлік әкімшілендіру оқытушысы ретінде еңбек қатынастарында болған.

Жұмыс берушінің бұйрығымен М. азғындық әрекеті үшін жұмыстан босатылған.

Келісу комиссиясы талапкердің жұмысқа қайта қабылдау туралы өтінішін қараусыз қалдырған.

Еңбек шартын бұзу туралы бұйрық талапкерге берілмегені және хабарлама хат жіберілмегені анықталды, бұл еңбек заңын бұзу болып табылады.

Сонымен қатар, талапкер өз балаларына және сонымен бірге мектеп оқушыларына физикалық және психикалық азап келтіргені туралы директордың қызметтік жазбасының негізінде жауапқа тартылған. Бұл туралы директорға талапкердің балаларының әкесінен белгілі болған. Бұл ретте ақпараттың дұрыстығы анықталмаған.

Алматы аудандық сотының шешімімен жұмыстан босату туралы бұйрық заңсыз деп танылып, күші жойылды, талапкер жұмысқа қайта алынды, үш айдағы жалақысы өндірілді.

Шешім заңды күшіне енді.

Источник: 
Нұр-Сұлтан қаласы Алматы аудандық соты