«MMK Investment» және «Eden Life7» қаржы пирамидаларының басшылары сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2023 жылғы 2 наурызда Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты азамат Т. мен С.-ға қатысты «MMK Investment» және «Eden Life7» қаржы пирамидаларын басқару фактісі бойынша (ҚК 217-бабы 3-бөлігінің 2) тармағы) айыптау үкімін шығарды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында тағылған айып айып:

2020 жылғы қарашадан 2022 жылғы қаңтарға дейінгі кезеңде Т. және С. адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы ҚР аумағында «MMK Investment» және «Eden Life7» қаржы пирамидаларына басшылық жасады. Олар WhatsApp және Telegram арқылы жалған инвестициялық бағдарламалар туралы жалған ақпарат таратып, әлеуетті салымшыларды компанияларға ақша салуға шақырды. Тартылған ақша қаражаттарының сомасы 718 млн.теңгеден астам  және 691 мың АҚШ долларын құрады.

Аса ірі мөлшерде 164 млн. теңгеден астам сомаға 34 жәбірленушіге залал келтірілді.

Сотта

Прокурор Т. және С.-ға 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Т. және С. тағылған айып бойынша кінәларын мойындамады. Қорғаушы тарап қылмыстық істі тоқтатуды немесе оларға бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.

Жәбірленушілердің ұстанымы: бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындау, сотталушылардан залалды өндіріп алу.

Т. және С.-ның кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен, экономикалық сараптамалармен және істің басқа да материалдарымен дәлелденген.

Үкім

ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігі 2) тармақшасының санкциясы мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Т. 6 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды (ҚК 217-бабы 3-бөлігінің 2) тармағы бойынша).

С.-ның 65 жаста болуы және денсаулық жағдайы ескеріле отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды  (ҚК 217-бабы 3-бөлігінің 2) тармағы бойынша).

Сотталғандар қаржы ұйымдарында және азаматтардың ақшалай қаражатын тарту жөніндегі ұйымдарда 7 жыл мерзімге басшы лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Жекелеген жәбірленушілердің мүліктік залалды өндіріп алу туралы азаматтық талап қоюлары қанағаттандырылды, бір бөлігі-азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен жүгіну құқығын түсіндіре отырып, (талап қоюдың тиісінше ресімделмеуіне және алынған қайтарымдардың сомасын айқындаудың мүмкін еместігіне байланысты) қараусыз қалдырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты