жм, 18/08/2017 - 16:03
Баспаға арналған нұсқасыХат жолдау
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК-і 297 бабы 3 бөлігінің 3 тармағы бойынша Д.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотпен анықталғандай, 2017 жылы 21 сәуірде Д. сату мақсатында есірткі заты – героинді аса ірі мөлшерде сақтаған.
Сол күні Д. Астанадағы тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде пайдакүнемдік ниетпен К.-ге есірткі затын сатқан.
Сот үкімімен Д.-ға барынша қауіпсіздік жүйесіндегі қылмыстық-атқару мекемесінде жазасын өтеу арқылы, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қайнар:
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі