Құрылыс компаниясы мен елорда тұрғыны арасындағы келісім жарамды деп танылды
2012 жылы елорда тұрғыны құрылыс компаниясымен инвестиция келісімін жасаған, шарт бойынша инвестор нысанды салуға инвестиция құяды, ал құрылыс компаниясы құрылыс аяқталған соң және пайдалануға берілгенде инвесторға қабылдау-беру актісіне сәйкес пәтер беруге міндеттенген.
Сот отырысында анықталғандай, инвестор толық ақысын төлеу арқылы өз міндетін толық орындаған, көшіп келіп, іс жүзінде пәтерді пайдаланып отыр.