Ер адам жұбайының денсаулығына зиян келтіргені үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2022 жылғы 3 қарашада Астана қаласы Есіл ауданының № 2 аудандық соты Б. - ға қатысты жұбайы Ж.-ның денсаулығына аса қатыгездікпен (ҚК 107-бабы 2-бөлігінің 3) және 7) тармақтары) бірнеше рет орташа ауырлықтағы зиян келтіру және кінәліге көрінеу материалдық және кінәліге өзге де тәуелділіктегі адамға қатысты жүйелі түрде ұрып-соғу және кiнәлi адамға жүктiлiк жағдайда екенi көрінеу белгiлi әйелге қатысты ұрып-соғу (ҚК 110-бабы 2-бөлігінің 1,3-тармақтары) фактісі бойынша айыптау үкімін шығарды.

Сотқа дейінгі тергеу бойынша тағылған айып:

Б. 2018-2020 жылдар аралығында жұбайының жүкті екенін және оған материалдық тәуелді екенін біле отырып, оған физикалық және психикалық азап көрсеткен.

Ағымдағы жылдың наурыз айының басында Б. жұбайына орташа ауырлықтағы дене жарақатын келтірген.

Ағымдағы жылдың  28 наурызында Б. мас күйінде әйелін лифтіде аса қатыгездікпен қолымен ұрып, аяғымен тепкілген, осылайша оның денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірген. Оқиға лифтінің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. 

Негізгі сот талқылауы:

Сотталушы Б.-ның кінәсі сот тергеуінде:

- жәбірленуші мен куәгерлердің айғақтарымен;

- сот сараптамаларының қорытындыларымен;

- бейнежазбамен;

- сотталушы мен жәбірленуші арасындағы хат алмасумен діәлелденді.

Соттың үкімі:

Сотпен Б.-ның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

ҚК-нің 107-бабының 2-бөлігінің санкциясымен айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстар, бас бостандығын шектеу не 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

ҚК-нің 110-бабы 2-бөлігінің санкциясымен бас бостандығын шектеу не 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сотпен шығарылған үкім:

Сотталушының кінәсі дәлелденгендіктен, сот қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша оған ҚК-нің 107-бабы 2-бөлігінің 3, 7)тармақтары және 110-бабы 2-бөлігінің 1, 3) тармақтары бойынша 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Жәбірленушінің пайдасына Б.-дан 2 млн. теңге сомасында моральдық залалдың өтемақысы және 4 млн. теңгеден астам мөлшерде материалдық залал өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.  

Источник: 
Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты