Электр қуатын жымқыру ісі бойынша үкім шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2021 жылғы 6 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында "Астана-АЭК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары А. Б. Түсіпбековке, электр қуатын тұтынуды бақылау қызметінің бастығы К. Б. Қорабаевқа, учаске бастықтары Р. Г. Борисовқа және Б. Е. Жакуповқа қатысты айыптау үкімі шығарылды.

Сотталушылар "Астана-АЭК" АҚ жеке кәсіпорындарға олардан ақшалай сыйақы алу мақсатымен тұтынылған электр қуатының көрсеткіштерін төмендету арқылы электр қуатын ысырап етті деп айыпталды. Ал есептен жасырылған электр қуатын қоғамның нормативтік шығыны деп келтірген.

Нәтижесінде 74 млн. теңге материалдық шығын келтірген.

Аталған адамдарға қатысты қылмыстық іс жазасы бас бостандығын шектеу түрінде белгіленген, жәбірленуші тараптың пікірі ескерілген, прокурор мен сотталушылар арасында жасалған кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі процестік келісімдермен сотқа келіп түсті.

Сот материалдық залалдың толық өтелуін, жәбірленуші тараптың талаптарының болмауын, сотталушылардың алғаш рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығын, жасаған әрекетіне өкінуін ескерді.

Іс бойынша қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар болмаған.

Төрт сотталушының барлығына (ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігі) сот процессуалдық келісімнің шарттарына сәйкес 100 сағат мерзімге мәжбүрлі еңбекке тарту арқылы, тергеу барысында алынған ақша қаражатын Борисовтан – 150 000 теңге, Қорабаевтан – 2 750 000 теңгені тәркілей отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты