Денсаулық сақтау министрлігіне түскен шағым сотта расталмады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2020 жылғы 8 қазандағы шешімімен «Ақтөбе БелАсу» ЖШС-ның (бұдан әрі – Арыз беруші) ҚР Денсаулық сақтау министрі А.В.Цойдың «Nephrolife Aktobe» ЖШС-ға медицина қызметімен айналысуға берілген лицензияны тоқтату бойынша әрекетсіздігіне шағым келтіру туралы арызын қанағаттандырудан бас тартылды.

Арыз беруші Министрдің әрекетсіздігіне дау келтіре отырып, «Nephrolife Aktobe» ЖШС-ға медицина қызметімен айналысуға берілген лицензияны тоқтату жөніндегі арызын қарау және оны  қанағаттандыру бойынша шара қабылдамағанын, осылайша «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңын бұзды деп санайды.

 Сот заңды тұлғаның арызын қарау тәртібінің сақталғанын тексерді.

Министрдің атына жазылған арыз «Міндеттерді бөлу туралы» №431 ішкі бұйрыққа сәйкес сол салаға жетекшілік ететін вице-министр Л.В.Бюрабековаға берілген.

Министрлік 2020 жылы 28 маусымда  арыз иесіне жауап берген.

ЖШС-нің  лицензиясын тоқтату Министрдің құзыретіне кірмейді. Сол себепті сот оның тарапынан әрекетсіздіктің болмағанын анықтады.

Министрдің «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының 15-бабын бұзуы расталмады.

Сот лицензияны қайтарып алу мәселесін шешу Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының құзыретіне жататынын анықтады.

Министр сотта арыз иесінің өтінішін қарау бойынша өзіне жүктелген міндеттерді орындағанын растады. Бұл өз кезегінде мәлімделген арызды қанағаттандырудан бас тартуға негіз болды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Источник: 
Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот