Бассейнге келушінің қайтыс болу фактісі бойынша нұсқаушыға қатысты үкім шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2021 жылғы 29 қарашада Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты абайсызда адам өліміне әкеп соққан тұтынушылардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігінің талаптарына жауап бермейтін қызметтер көрсеткені үшін Т. - ға қатысты айыптау үкімін шығарды (ҚК 306-бабының 3-бөлігі).

 

Соттың анықтағаны:

Т. "Астана" спорт кешенінің жүзу бойынша нұсқаушысы ретінде бассейнге келушілердің қауіпсіздігі бойынша өз міндеттерін тиісінше орындамауы салдарынан жәбірленуші Е.-нің суға батып кетіп, қайтыс болуына жол берген.  

Сот отырысында прокурор Т. - ға 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.  Жәбірленушілер сотталушыға барынша ұзақ мерзім - 8 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сотталушы өз кінәсін мойындамады, оның әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты істі тоқтатуды сұрады.

Сот жәбірленушіге медициналық көмек көрсету шараларын кінәсін және жазасын жеңілдететін мән-жай деп таныды. Оның кінәсі мен жазасын ауырлататын жағдайлар анықталған жоқ.

 

Жазалау бойынша шешім

ҚК-нің 306-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық абайсызда жасалған қылмыстарға жатады. Ол бойынша санкция 4 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Абайсызда жасалған қылмыстар бойынша жазаны өтеу қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде тағайындалады.

Жеңілдететін мән-жайлар болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған жағдайда жаза мерзімі ауырлығы орташа қылмыстар үшін жазаның ең жоғары мерзімінің ½ - ден аспауы тиіс.

Бұл іс бойынша жаза 4 жылдан аспауы керек.

Сот сотталушының жеке басын, жәбірленуші тараптың ұстанымын ескере отырып, Т. - ға 4 жылға нақты бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Зардап шеккен тараптың пайдасына бассейн иесінен "Арнайы қамтамасыз ету орталығы" ЖШС-нен моральдық зиян үшін өтемақы 10 млн. теңге өндіріп алынды.

 Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының № 2 аудандық соты