Автобус жүргізушісі жыныстық қылмыс жасағаны үшін жазаның ең жоғары мерзіміне сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2022 жылғы 3 қарашада Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты А.-ға қатысты кәмелетке толмаған  К.-ні зорлау фактісі бойынша айыптау үкімін шығарды (ҚК 120-бабының 3-1-бөлігінің 1-тармағы).

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша айып тағылды:

А., № 1 автопарктің жүргізушісі бола отырып, автобус салонындағы кәмелетке толмаған жәбірленуші К.-нің дәрменсіз күйін пайдалана отырып, зорлаған.

Негізгі сот талқылауы:

А.-ның  кінәсі:

- сотқа дейінгі іс жүргізу барысында кәмелетке толмаған жәбірленуші К.-нің тұрақты айғақтарымен, айғақтарды сақтауға қоюмен, сотта берілген айғақтармен;

- психиатр-психолог сарапшыларының жәбірленушінің өтірік пен қиялға бейім еместігін куәландыратын  қорытындысымен;

- К.-нің заңды өкілінің айғақтарымен;

- сараптама қорытындысымен, куәмен ұялы телефон арқылы хат алмасумен, куәгерлердің айғақтарымен дәлелденді.

Тараптардың ұстанымы:

Сот отырысында прокурор А.-ны кінәлі деп тануды және оған ҚК-нің 120-бабының 3-1-бөлігінің 1) тармағы бойынша өмір бойына белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 17 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындауды сұрады.

Қорғаушы тарап ақтауды сұрады.

Сот үкімі:

Сот А.-ның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды таныған жоқ.

ҚК-нің 120-бабының 3-1-бөлігі 1) тармағының санкциясы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 15 жылдан 17 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Сот үкімімен А. ҚК-нің 120-бабы 3-1-бөлігінің 1) тармағы бойынша осы бапқа сәйкес жазаның ең жоғары мөлшеріне - педагогикалық және  өзге де қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырыла отырып, ең жоғары қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеумен 17 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты