А.Т.Қасенбайға қатысты ЖКО ісі бойынша үкім жарияланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2021 жылғы 16 тамызда Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты Т.А.Қасенбайға қатысты айыптау үкімін жариялады.

 

Сотта анықталды

Т.А.Қасенбай Т.А. автомобиль басқарып келе жатып, жол жүру ежересін бұзу салдарынан  абайсызда кісі өліміне алып келген (ҚК-ң 345 бабы 3 бөл) және көлік басқару куәлігінен айырылғанына қарамастан алкогольді мас күйінде көлік басқарғаны үшін айыпталды (ҚК-ң 346 бабы 1 бөл).

Прокурор айыптауды қолдады.

Сот отырысы барысында Т.А. Қасенбай Т.А. ҚК-тің 345 бабы 3 бөлігі бойынша кінәсін жартылай мойындады,  ҚК-тің 346 бабы 1 бөлігі бойынша кінәсін толық мойындады, жасағанына өкінді.

Сотталушы, адвокаттар және қорғаушы ҚК-тің 55 бабы 2 бөлігі 1 тармақшасының ережелерін ескере отырып, яғни аталған баптың санкциясымен қарастырылған жазаның максималды мерзімінің жартысынан аспайтын жаза тағайындауды сұрады.

Прокурор және жәбірленушінің өкілдері, олардың адвокаттары Т.А.Қасенбайға қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша 5  жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады.

Жаза

Сотталушының кінәсі куәлардың, сарапшылардың айғақтарымен, қылмыстық істің материалдарымен дәлелденді.

Іс бойынша қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот үкімімен А.Т.Қасенбай ҚК-тің 345 бабының 3 бөлігі, 346 бабының 1 бөлігі, 58 бабының 2 бөлігі бойынша сотталып, көлік басқару құқығынан өмір бойына айыра отырып 4 жылға бас бостандығын айырылды.

Азаматтық талап арыздар

-Жәбірленушінің анасы О.-ның және жұбайы А.-ның материалдық, моральдық және өкілдік шығындарды өндіру туралы талап арыздары жартылай қанағаттандырылды.

Т.А.Қасенбайдан О.-ның пайдасына 3 500 000 теңге соммасында моральдық залалдың өтемақы өндірілді.

Т.А.Қасенбайдан және Т.Қабатовтан (көлік иесі) А.-ның пайдасына тең бөлу тәртібінде 8 000 000 теңге соммада моральдық залалдың өтемақысы  өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты