Ата-ана баласын ұрғаны үшін жауаптылыққа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 1-бөлігі бойынша К.-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Сотта К. кәмелетке толмаған екі баланың заңды өкілі бола отырып, олардың біреуін ұрып-соғып, оларды тәрбиелеу, құқықтарын, мүдделерін қорғау бойынша ата-аналық міндеттерін орындамайтыны анықталды. 2022 жылдың қыркүйегінде К. азаматтық некедегі күйеуімен жанжалдасып, қызын ұрып-соғып, денсаулығына жеңіл зиян келтірді.

Сот ата-ананың баланы тәрбиелеу, күтіп-бағу жөніндегі міндеттерін орындамауына дәлелді себептер жоқ екенін анықтады.

К. сотта құқық бұзушылық фактісін мойындады. Оның кінәсі құқық бұзушылық фактісін растайтын көршілерінің түсіндірмелерімен, полиция қызметкерінің ұсынысымен, сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен расталды.

Заңды өкілге баланың денсаулығына қамқорлық жасау, оны тәрбиелеу, баланың физикалық, психикалық, адамгершілік және рухани дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету міндеті түсіндірілді.

Сот жаза тағайындау барысында оның жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайларды ескерді: кінәні мойындау, жасаған ісіне өкіну, жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлардың болмауы.

Ата-анасына 21 441 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты